Канада ғалымдары аюды танитын бағдарлама ойлап тапты

Канада мамандары қоңыр аюды түріне қарап танитын бағдарлама ойлап тапты. Бағдарламаның атауы – BearID. Оның ұлттық саябақ қызметкерлері мен ғалымдарына пайдасы тиюі мүмкін. Зерттеу материалы Ecology and Evolution журналында жарияланды.

Америкада гризли атанып кеткен қоңыр аю қазір сиреп барады. Оны табу күннен-күнге қиындап бара жатқан көрінеді. Сондықтан оны іздеу мен табу мамандар үшін қажет нәрсе.

BearID бағдарламасы аюдың түр-келбетіне, маңдайы мен тұмсығына, қос көзіне қарап анықтайды.

Жасанды интеллектінің қабілетін сынау үшін құрастырушылар 3 мың аюдың суретін алып, сынақтан өткізген. Бағдарлама алгоритмі аюлардың ішінен дәл гризлиді анықтауы тиіс. Оның ішінде 935 суреті гризлидікі болған, ал бағдарлама оның 84%-ын өзі тапқан екен.