NASA ғарышқа жіберген картада не бейнеленген?

Жарты ғасыр бұрын ғалымдар Жерді ғаламның кез келген нүктесінен анықтап, жол таба алатындай карта жасап шығарды. Мақсаты – картаны ғарыш кемесін құрастыра алатын саналы өзге тіршілік иесі тапқан жағдайда Жерді анықтай алуы. Ғалымдар картаны 1977 жылы "Вояджер-1" және "Вояджер-2" аппараты арқылы ұшырған. 

"Сан жетпес" жұлдыз бен денесі бар ғаламда Құс жолын, оның ішінде Күнді табу қиынның қиыны. Күннің өзге жұлдыздардан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Дегенмен ғалымдар тығырықтан шығатын жол тапты. Секундына жүз рет айналып үлгеретін пульсарлардан соң (мезгіл-мезгіл пайда болатын импульстар түрінде жерге жететін ғарыштық сәулелену көзі) кеңістікте жүріп өткен жолында із қалады екен. NASA астрономдары Жердің орналасқан орнын көрсете алатын 14 Күн пульсарын таңдап, олар туралы ақпаратты картаға кодтаған. 

Картадан әрбір түзу сызық Жерді пульсармен байланыстыратынын көруге болады. Сызықтар – пульсардың айналу жылдамдығын білдіретін екілік сан, ал оның ұзындығы қашықтықты көрсетеді. Ғалымдар "Вояджер" секілді еш дыбыссыз ұшатын аппаратты анықтай алатын кез келген тіршілік иесі пульсардың бар екенінен хабардар дейді. Олар картадан жұлдыздардың орналасуына қарап Жерді еш қиындықсыз табуы қажет. 

1977 жылы ұшырылған "Вояджер-2" қазіргі таңда Күн жүйесі шекарасынан асып, жұлдызаралық кеңістікке шығу үстінде. Қазіргі уақытта аппарат Плутон планетасынан да жырақта – шамамен 18 миллиард шақырым қашықта секундына 15 шақырым жылдамдықпен ұшып бара жатыр.  Ғалымдардың есептеуінше, ол Күн жүйесінен шығып кеткеннен кейін 10-20 жыл ішінде Жермен байланысты үзеді. Ары қарай оның хабар жіберуге қуаты жетпейді.