Индонезиядағы көк көзді тайпа

Индонезиядағы көк көзді тайпа
Фото: apostrophe.ua

Индонезиядағы Бутон аралында көзі ерекше көк түсті тайпа анықталды. Тайпа мүшелерінің көзі фэнтези жанрындағы фильмдердегі мутант кейіпкерлерге ұқсайды.

Бұл аймаққа тән емес адамдардың болуы индонезиялық геолог Корчина Пасарибудың арқасында белгілі болды. Әдетте индонезиялықтардың көзі мен шашы қара болып келеді.

2019 жылы геолог Индонезияның ауылдық жерлеріндегі өмірге қызығушылық танытқан. Осыдан кейін ол көптеген тайпалар мен мәдени мұраларға назар аудара бастады.

Пасарибу 17 қыркүйекте Бутон аралына барып, жергілікті тұрғындарды суретке түсірген. "Жергілікті тайпаның көгілдір көздері өте әдемі, олар маған шабыт берді", - дейді геолог.

Геолог тайпа мүшелері фотосессияға қуана қатысқанын айтты. "Олар өте қарапайым және сыпайы. Суретке түсуге ұялмайды", - деді Пасарибу.

Тайпа мүшелерінің арасында бір көзі қоңыр, бір көзі көк түсті адамдар да бар.

Мамандардың айтуынша, көгілдір көздер Варденбург синдромы деп аталатын сирек кездесетін тұқым қуалайтын аурудан туындайды. Бұл синдром есту қабілетінің төмендеуіне және шаштың, терінің және көздің түсінің өзгеруіне себеп болуы мүмкін. Бұл сондай-ақ, гетерохромияны тудырады яғни адамның көздері түрлі түсті болады.

Ваарденбург синдромының тайпа мүшелерінде пайда болу себебі қазіргі кезде белгісіз. 

Айта кетейік, Индонезия – 350-ден астам диалекті мен субмәдениеті бар үлкен архипелаг. Бутон – ауданы 1700 шаршы миль болатын Индонезиядағы ең үлкен аралдың бірі. Оның халқы 450 мыңға жуық, көпшілігі шағын, оқшауланған тайпалардан тұрады. Аралдың біршама бөлігін тропикалық орман басқан.

Т. Раушанұлы