Ескі Зеландия қайда орналасқан?

Ескі Зеландия қайда орналасқан?
Фото: animaljournal.ru

Жаңа Зеландияны бәрі біледі. Ал Зеландияның ескісі қайда? Жаңасы барда, ескісі де болуы заңды емес пе?

Ескі Зеландия деген жер бар. Бірақ ол Жаңа Зеландиядан мыңдаған шақырым алыста жатыр.

Жалпы Жаңа Зеландия – адам баласы кейінірек қоныстанған аймақ. Қазба деректерге көз жүгіртсек, аралда табылған алғашқы адамның мәйіті біздің заманымызға дейінгі 13 ғасырға тап келеді. Демек, аралға адам аяғы тиген дәуір осы кезең болса керек. Бұл арал – полинезей тайпаларының жері. Олар – оңтүстік Тынық мұхит аралдарын мекендеген халық.  

Ал еуропалықтардың аяғы бұл аралға алғаш 1642 жылы тиді. Абель Тасман бастаған голланд зерттеушілері аралды картаға түсіріп, бұл мекенді Оңтүстік Америка құрлығына жататын арал деп ұққан. Бір қызығы, сол ойға өздері де сенімді болған. Оңтүстік Америка мен Зеландияның арасы өте алыс екенін мөлшерлей алмаған көрінеді. Оның үстіне, мұхит дауылы адастырып кетсе керек.

Елге оралған Абель география қоғамына саяхаты жайлы есеп беріп, ашқан аралын Оңтүстік Америкаға жақын жатқан мекен деп түсіндіреді. Алайда дат картографы, саяхатшы Браувер Хендрик экспедиция мәліметтерін талдай келе, ондай мекеннің Оңтүстік Америка құрлығына кірікпейтінін ұғады. Содан алыс жатқан бұл мекенді жердің бөлек бір бөлігі деп жорамал жасап, өзі тұрып жатқан провинцияның – Зеландияның (Zeeland) атын береді.  

Дат тілінен аударғанда "Зеландия" сөзі "мұхит елі" деген мағынаны білдіреді.

Ал жер бетінің атласы жасалған кезде, Даниядағы Зеландия мен Тынық мұхитында жатқан аралды шатастырып алмас үшін, біреуіне "Жаңа Зеландия" деген атау беріледі. Аралдан мүлдем алыста, жердің бөлек бір құрлығында жатқан шағын провинцияның "Ескі Зеландия" екенін үшеу білсе, төртеу білмес...

Ал картаның дәл сызбасын жасаған – Жеймс Кук. Ол Абельден кейін бір ғасырдан соң, 1769 жыл, жылы аралға барған. 

Қ. Слямбек