Видео: Жаңа Зеландиялық иттер машина айдауды үйреніп жүр

Видео: Жаңа Зеландиялық иттер машина айдауды үйреніп жүр

Жаңа Зеландиядағы үй жануарларын бағумен айналысатын орталықтың мамандары иттерді көлік айдауға үйретуге болатындығына сенімді екендіктерін айтты.

Жоба авторларының айтуынша, бұндай өнері бар иттерге сұраныс өте көп болады.

2 айға созылған курстың алғашқы оқушылары Портер, Монти және Джинни атты үш ит болды. Енді азулы курсанттар практикалық емтиханды күтіп отыр. Иттер рөлді басқаруды, жылдамдық қорабын ауыстыруды және педаль басуды да меңгерген. Дегенмен, жанауарларға көлікті тек инструктордың бақылауымен ғана айдауға "рұқсат берілген". Алайда орталық қызметкерлері болашақта олар көлікті өздігінен басқарып үйренетіндігіне сенімді екендіктерін айтуда.

Оларды көлік басқаруға үйреткен оқытушылар бұл істері үшін мақтанатындығын айта келе, кез келген ит бұндай қабілетке ие екендігін жеткізді. Жақын арада курсанттар ұлттық телеарналарда өз өнерлерін барша жұртқа паш етпек.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: aport.by

Massaget