Қытайда қараусыз қалған ауылдың қазіргі келбеті

Қытайдың шығысындағы Шенгши архипелагында "Хутуван" атты шағын ауыл болған. Осыдан 50 жыл бұрын бой көтерген ауылдың түтіні түзу, тіршілігі қызу болған екен. Қоныстанған халық саны – 2 мыңға жуық.

Тұрғындары балық аулаумен айналысқан. Теңізге жақын жатқан ауылдың маңында порт болған, ауланған балықты құрлыққа жіберіп, балық сатуды кәсіп тұтқан.

Алайда 1990 жылдары дағдарыс басталып, тұрғындар ауылды тастап жер-жерге көшіп кетеді. Он шақты тұрғын ғана қалған екен.

Содан бері 30 жылдың жүзі өтті. Бұрынғы бос, қаңтарылып қалған ауыл, бір кездері қорқыныш пен үрей ұялатқан, жантүршігерлік мекен қазір табиғат құшағындағы кереметке айналған. Үйдің қас-қабатына жасыл шөп өсіп, жүзім көмкерген ғимараттай құлпырып шыға келген.

Бүгінде бұл – Қытайдың көрікті мекендерінің бірі, турист келетін жер.