Қояндардың тістері өмір бойы өседі

Қояндардың тістері өмір бойы өседі
Фото: google.kz

Жер бетіндегі ең сүйкімді әрі ең қорқақ аң қоян туралы біз білмейтін бірақ қызықты деректер бар екен. Мысалы, олар ет жейді екен. Тағы қандай деректер бар екен? Біле жүрейік...

Қоянды ғаламшарымыздың кез келген елінен кездестіре аласыз.

Көп адамдар қоянды вегетариан деп санайды. Алайда олар етті де өте үлкен тәбетпен жейді. Шіл аулайтын аңшылар олжаны көп уақытқа тастап кетсе, қояндардың жеп қоятынын жақсы біледі.

Әлемде қоян ауламайтын ел жоқ. Сондықтан, олардың әлі күнге дейін құрып кетпегендігі таңғаларлық жағдай. Бәлкім, олардың тез көбейетіні жоғалып кетпеуіне себеп болып отырған болар.

Қоянның адам санасындағы бейнесі – сүйкімді, мейірімді және қорқақ. Алайда олар қатты ашуға беріліп, өз өмірлерін асқан ерлікпен қорғауы мүмкін. Олар мазасыз, ызақор келеді. Қоян тырнағаннан кейін өліп кететін хайуандар бар.

Тарихта болған оқиға: ит тәрбиелеген қоян итке тән қасиеттерді жұқтырып алған.

Ел арасында қояндарды «қыли» деп атап жатады. Алайда, оларда мұндай қиындық жоқ.

Қоян да арыстан секілді өзінің шекарасын сақтайды. Сондықтан олар қашқанда өз иелігінен асып кетпейді.

Қояндар қайықтан, кемеден қатты қорқады, оларды өзен арқылы алып өту – өте үлкен жұмыс.

Петербургтегі Қоянды аралында Петропавл қамалы бар. Аралға бұл атау ерте кезде селден құтылу үшін І Петрдің етігіне кіріп кеткен аңыз қоянның құрметіне берілген екен.

2003 жылы «Селден қашқан қоянға» арнайы ескерткіш қойылды.

Жаздың аптап ыстық күндерінде қояндарды қызып кетуден сақтайтын құлағы ағзадағы ыстықты белсенді түрде шығарады.

Ал жаңбырлы күндері су кірмес, суық тимес үшін құлақтарын бүгіп алады.

Олар сағатына 50 шақырым жылдамдықпен табандарын серпілте алады. Тіпті, олардың табандарын нағыз серіппе деп атауға болар еді.

Қояндардың тістері өмір бойы өседі. Тіс қоян тамақты кеміргенде жуылады, бірақ өсуін тоқтатпайды.

Қыста қояндардың қарнындағы жүндер бірнеше миллиметрге ұзарады (бұл жануардың іші мұздамас үшін керек). Сонымен қатар, мұрын айналасына аяздан қорғайтын талшықтар шығады.

Бұрын қояндарды кеміргіштер тобына жатқызса, қазір олар үшін қоянтектестер деп аталатын арнайы топ бөлінген.

Қояндар 9 жыл ғана өмір сүреді, ал аналықтар 5 жылға жуық жасайды. Алайда, тарихта 13,5 жыл өмір сүрген қоян тіркелген.

Христиандар алғашқыда қоян бейнесін өкініш сөзінің нышаны ретінде қолданған. Олар күнәға батып, кейіннен тура жолға түскендерді қоян деп атаған екен.

Қоян мен қасқырдың табиғатынан «дұшпан» екенін жақсы білеміз. Латын тілінде бұл екеуінің атауы небәрі бір әріппен ажыратылады: қоян – «lepus», қасқыр – «lupus».

Қояндардың қарапайым жүктілігі небәрі 50 күнге созылады. Алайда, Аустралияда 25-30 күннен кейін екінші рет көтеретін қояндар бар. Яғни, олар босанбай жатып екіқабат бола алады.

Қояндар сағатына 72 шақырым жылдамдықпен жүгіре алады.

Г. Берік