Антарктидадағы қызыл сарқырама

Антарктидадағы қызыл сарқырама

Тоң мен мұз басып жатқан Антарктида адамды таңқалдырудан шаршаған емес. Түрлі құбылысқа тап болуға болады. Солардың бірі – Антарктиданың шығысындағы "қанды сарқырама". Аппақ қардың бетінде өзен боп ағып жатқан қан қызыл тасқын көрген жанға үрей туғызары анық.

Қызыл сарқыраманы алғаш 1911 жылы Аустралия саяхатшысы Гриффит Тейлор тапқан. Оның қызыл сарқырама жайлы айтқандары елге тез тарады, оған қызығушылық танытқандар, сырын ашып зерттегісі келгендер көбейді.

Алғашында зерттеу тобы суда қызыл балдыр өседі, содан қызыл су пайда болған деген тоқтамға келген. Алайда кейінгі зерттеулер мұны жоққа шығарып, судың химиялық құрамында темір оксидінің көп екенін анықтады. Темір сұйықтығы мөлшерден көп болғандықтан, суға қызғылт түс беретін көрінеді.

Ал тоң аязда неге сарқырама қатпайды дегенге жауап – суы тұзды, қата қоюы екіталай. Сарқыраманың қалыпты температурасы -10 градус.

Ең қызығы да сол – темірі мен тұзы көп суда тірі микроорганизмдер өмір сүреді. Судағы бактериялар тұздың минералдарымен қоректеніп энергия алып, суықта өлмейді. Бұдан біз тіршілікке ең қолайсыз деген ортаның өзінде тіршілік болатынын, аязы мен суығы қос өкпеден қысқан аймақтың өзі өмір сүруге жарамды екенін байқаймыз.

Көл сарқырамадан 1 шақырым алыста, 400 метр тереңде жатыр. Су жердің ішінен, мұздықтың астынан шығады: бұл да бір қызық жағдай – өйткені судың жоғары қарай аққанын көру табиғатта сирек кездесетін құбылыс.

Ал көл 3 миллион жыл бұрын пайда болған. Сіресіп жатқан тоң мұз қара жерге қысым түсіріп, түбінде жатқан су жоғары қарай жол тапқан көрінеді.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та коронавирустың екінші толқыны себепті бункерлер қымбаттады
АҚШ-та коронавирустың екінші толқыны себепті бункерлер қымбаттады
Қазақстанда сатып алған көлікті бірден автосалонда тіркеуге болады
Қазақстанда сатып алған көлікті бірден автосалонда тіркеуге болады
Планетадағы ең суық жер 17 жыл ізденістен соң табылды
Планетадағы ең суық жер 17 жыл ізденістен соң табылды
ДДҰ Қазақстандағы коронавирус бойынша деректерді біріктірді
ДДҰ Қазақстандағы коронавирус бойынша деректерді біріктірді
Мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы енгізіледі
Мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы енгізіледі
Ағылшын дәрігері өкпені коронавирустан қорғау әдісін көрсетті (видео)
Ағылшын дәрігері өкпені коронавирустан қорғау әдісін көрсетті (видео)