Ғаламның жасы мен оның кеңеюі жайлы не белгілі?

Ғаламның жасы мен оның кеңеюі жайлы не белгілі?
Фото: Freepik

Ғалымдар Чилидегі Атакама ғарыш телескопының көмегімен ғаламның жасы мен оның кеңею жылдамдығы жайлы дерек алды. Жаңа телескоптың көмегімен зерттеушілер "ғаламда көрінетін ең көне жарықты" бақылаған. Зерттеу нәтижесінде олар Ғалам өмірі бастауын алатын Үлкен Дүмпу 13,77 миллиард жыл бұрын болды деп топшылап отыр. 

Ғаламның жасы қанша?

Ғаламның шын жасын анықтау оңайға соқпасы анық. "Галактикадағы жұлдыздардың жылжуына қатысты көптеген сауалдардың жауабы нақты емес" дейді Германиядағы Макс Планк университетінің ғалымы Ин Джи.

Science журналына шыққан зерттеуде ғалымдар Ғаламның жасын жұлдыздардың жылжу жылдамдығына байланысты есептеген.

"Егер бізді қоршаған әлем тезірек кеңейсе, онда ол қазіргі өлшеміне жылдам қол жеткізді, демек жасы да әлдеқайда кішірек" дейді зерттеушілер.

"Кеңею жылдамдығы" космологиядағы ең маңызды зерттеу элементтерінің бірі болып саналады.

Хаббл 70 тұрақтылығы бойынша, Ғаламның жалпыға белгілі жасы - 13,7 миллиард. Ал ғалым Джидің командасы Хаббл тұрақтылығы 82,4 деген шешімге келді, демек Ғаламның жасы 11,4 миллиард шамасында. Джи зерттеу барысында гравитациялық линзаларды қолданған, яғни, гравитация жарықты азайтып, алыс объектілерді жақындатады.

Жаңа зерттеулерге сәйкес Ғаламның жасы 13,77 миллиард жылға тең. Мұндай қорытындыға Атакама ғарыш телескопының көмегімен "ғаламда көрінетін ең көне жарықты" бақылаған зерттеушілер келді.

Ғаламның кеңею жылдамдығы қандай? 

Алыстағы жұлдыздардың сәулесі азайып жатқанда ғалымдар Ғаламның кеңею жылдамдығын өлшеу формуласының дұрыс емес екені туралы қорытындыға келді. 

Дэвистегі Калифорния университетінің космологы Джефф Чи-фан Чен ғалымдардың басым көпшілігі Ғаламның кеңею жылдамдығын өлшеу үшін қолданып жүрген Хаббл константын жоққа шығарды. Бұл формуланы алғаш осыдан 100 жыл бұрын америкалық астроном Эдвин Хаббл анықтаған болатын. Өткен ғасырдың ұлы ғалымы Ғаламдағы әрбір галактиканың Жерден алыстау жылдамдығы галактиканың Күн жүйесінен алыстау жылдамдығына тең екенін айтып кеткен.

Өшкелі жатқан жұлдыздарды бақылау барысында тағы бір ғалымдар тобы Хаббл тұрақты жылдамдығы бір миллион жарық жылына сағатына 81 100 шақырымды құрайды деген тұжырымға келді. Бұл Хаббл константына сәйкес Ғаламның кеңею жылдамдығын есептеу барысында формулада қате бар екенін білдіреді.

Ғалымдар алпауыт заттар уақыт кеңістігінің формасын өзгертетіндіктен Ғаламның кеңею жылдамдығын өлшеу формуласы қате болуы мүмкін екенін мәлімедеді. Өйткені деформацияға ұшыраған уақыт кеңістігі арқылы өткен жарық бізге нақты ақпарат бере алмайды. Бұл теорияның рас не өтірігін анықтау үшін H0LiCOW ғалымдар командасы Жерден 3-6,5 миллиард жарық жыл қашықтықта орналасқан алты квазар арқылы өтетін жарықты зерттеп көрді. Олар квазардағы қара құрдым материяны өзіне сіңірген сәтте жарық сигналдарының арасындағы уақыт ұзақтығын бақылаған.

Осы зерттеулерге сәйкес H0LiCOW командасы Хаббл тұрақты жылдамығы шамамен сағатына 81 100 шақырымды құрайтынын анықтады. Бұл айнымалы жұлдыздардың жарығы арқылы есептеген формуланың нәтижесімен шамалас. 

А. Рысдәулет