Түрлі саладағы алғашқы суреттер

Түрлі саладағы алғашқы суреттер
Фото: wikipedia.org / veryimportantlot.com/

Жыл сайын 19 тамыз дүниежүзілік фотосуреттер күні атап өтіледі. Ал, фотографтар күні шілде айының 12-не бекітілген. Бүгінде суретке түсіру бәрінен қолынан келеді және сурет күнделікті өмірдің айнымас бөлігіне айналды. Алайда фотосуреттердің бүгінгі түрлі-түсті, алуан жанрда қалыптасуының өз тарихы бар. Бүгін фотографияның әр саласында түсірілген алғашқы суреттер топтамасын ұсынатын боламыз.  

Фотография тарихындағы алғашқы сурет 1826 жылы түсірілді. Оның атауы — "Терезе алды көрініс".

Первой в истории фотографией считается снимок «Вид из окна»

Алғашқы сурет деректер бойынша 1822 жылы түсірілген. Оның авторы француз инженері Жозеф Нисефор Ньепс (Nicéphore Niepce). Ол сурет сақталмағандықтан, аталған инженердің екінші туындысы — "Терезе алды көрініс" тарихтағы алғашқы сурет ретінде қалды.

Алғашқы селфи — Роберт Корнелиустың автопортреті, 1839 жыл

Первое селфи - автопортрет Роберта Корнелиуса, 1839 год

Фотографиядағы алғашқы әйел адам, 1839 жыл

Первая женщина на фотографии

Дороти Кэтрин Дрейпер атты бойжеткенді ағасы әрі америкалық атақты фотограф Джон Дрейпер суретке түсірген.

Суретке түскен алғашқы той. 1854 жыл, 10 ақпан

Одна из первых зафиксированных свадебных фотографий

Ұлыбритания патшайымы Виктория мен ханзада Альберт 1840 жылы үйленсе де, сурет 14  жылдан кейін түсірілген

Журналистикадағы алғашқы сурет, 1847 жыл

Фотожурналисттің есімі сақталмаған. Дегенмен жаңалық тарататын басылымда алғаш реті фотография 1847 жылы жарыққа шыққан. Суретте Франция азаматының тұтқындалып жатқан сәті байнеленген.

Мемлекет басшысының алғашқы суреті , 1843 жыл

Джон Куинси Адамс — АҚШтың алтыншы президенті. Сурет ол биліткен кеткеннен кейін 1843 жылы түсірілген.

Алғашқы фотомонтаж, 1858 жыл.

Первый фотомонтаж

1858 жылы Генри Пич Робинмон бірнеше суретті біріктіру арқылы бір сурет жасап шыққан."Fading Away" атты өкпе дертінен қаза тапқан қыз бейнеленген суретті 5 түрлі суретті біріктіре отырып жасалған.

Алғашқы түсті дагерротип, 1851 және 1856 жылдар аралығында жасалған.

 Первая цветная фотография

Объектіге іліккен алғашқы түсті сурет, 1877 жыл

Первая цветная фотография реальных объектов

Фотосурет "Оңтүстік Франция Пейзажы" деп аталады. Авторы — Луи Дюко дю Орон.

Алғашқы рентген суреті, 1895 жыл

Первый рентгеновский снимок, 1895 год

Алғашқы рентген суретіндегі саусақтар  Вильгельм Рентгеннің жарына тиесілі.  

Әлемдегі алғашқы сандық сурет, 1957 жыл

1957 жылы америкалық Рассел Кирш түсірген. Шындығында ол түсірілген суретті сканерлеу арқылы жасаған. Суретте Рассел Кирштың ұлы.

Т. Есқали