Ғарыш температурасы қандай?

Ғарыш температурасы қандай?
Фото: Medium

Ауа-райы Африкада ыстық, Антарктидада суық екенін бала кезден білеміз. Ал ғарышта температура қандай екенін ойланып көрдіңіз бе? 

Температура – барлық материя тұратын молекулалар қозғалысының нәтижесі. Бөлшектердің жылдамдығы жоғары болған сайын материя ыси түседі. Ал ғарышта ешқандай бөлшек те, молекула да жоқ. Өйткені ғарыш – вакуум. Вакумм дегеніміз – ешқандай зат та, бөлшек те, тіпті, ауа да жоқ кеңістік. Дегенмен ғалымдар көпті қызықтыратын сұраққа қарапайым тілмен жауап беріп көрді. 

Ғарыштың температурасы "абсолют нөлге" тең. Бұл Ғаламда мүмкін ең төменгі температура. Бұдан да суық температураны кездестіру мүмкін емес. Цельсий көрсеткішімен – 273,15 градусқа тең. Мұндай температурада химиялық элементтердің өте ұсақ бөлшектері – атомдар қозғалысы тоқтайды. Ашық ғарышта мүлдем молекула жоқ деу – қате. Бірақ молкулалар өте сирек кездескендіктен өзара мүлдем әрекеттеспейді. Ал қозғалыс жоқ жерде температура "абсолют нөлге" тең.

Ғалымдар ғарышқа түскен кез келген заттың температурасы лезде –273,15 градусқа түспейді деген тұжырымға келген. Жердегідей ғарышта та кемелер, спутниктер мен өзге де объектілер қызып та, суып та үлгереді. Бірақ ғарышта жылу тек бір ғана жолмен беріледі. Жалпы, жылу берілудің үш жолы бар: 

Өткізгіштік. Мысал: темірдің бір жағын қыздырса уақыт өткен соң қарама-қарсы бөлігі де қызады;

Конвекция. Мысал: жылы ауа бір бөлмеден екіншісіне ауысқанда;

Сәулелену. Мысал: ғарыш объектілері шығаратын фотон, электрон және протон секілді бөлшектер қосылып, қозғалатын бөлшекті құрайды.

Ғарышта объектілер қарапайым бөлшектердің белсенділігінің нәтижесінде қызады екен. Ал олардың қызу жылдамдығы жұлдыз не ғаламшардың орналасу қашықтығы, көлемі, формасына байланысты. Мысалы, ұшып келе жатқан ғарыш кемесінің күнгей жағы қызып тұрса, қарама-қарсы беті өте суық болады. 

Халықаралық ғарыш станциясының күнгей беті 260 градусқа дейін қызады екен. Ал көлеңкелі жағы –100 градусқа дейін төмендейді. Экипаж мүшелері кейде станцияның сыртына шығып, жөндеу жұмыстарын істейді. Мұндайда температураның лезде өзгеруінен скафандрдағы температураны бір қалыпта ұстап тұратын жүйесі құтқарады. 

Ғарыш объектісі Күннен алыс орналасқан сайын оның температурасы төмендей береді. Мысалы, Плутондағы температура –240 градусқа тең. Ал Ғаламдағы ең суық жер – Бумеранг тұмандығы. Ол аймақтың температурасы –272 градусқа дейін түседі. 

А. Рысдәулет