Cұранысқа ие он мамандық – LinkedIn

Cұранысқа ие он мамандық – LinkedIn
Фото: google.kz

Қызмет байланысын орнатуға және іздеуге арналған LinkedIn әлеуметтік желісі жоғары білім дипломын талап етпейтін сұранысқа ие он мамандық тізімін дайындаған. LinkedIn статистикасына сенсек, коронавирус әлемдік еңбек нарығына айтарлықтай әсер еткен. Дағдарыс бүкіл әлем бойынша біраз кәсіпорынды жұмыс орнын қысқартуға және жаңа қызметкер қабылдауды да тоқтатуға мәжбүр етті.

LinkedIn нұсқасы бойынша танымал мамандықтар тізімі:

* Бағдарлама дайындаушы.
* Сауда өкілі.
* Жоба менеджері.
* IT менеджер.
* Клиенттерге қызмет көрсету маманы.
* Сандық маркетолог.
* Қолдау қызметінің қызметкері.
* Деректерге сараптама жасаушы.
* Қаржыға сарапшысы.
* Графикалық дизайнер.

АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі 14,7 пайызға жетті. Содан кейін президент Дональд Трамп америкалықтарға көмектесу үшін жұмыс визасын беруді тоқтатты. 

Ал Қазақстанда төтенше жағдай кезінде 700 мыңнан астам адам жұмыссыз қалды. 

Г. Берік