Музей аралаған пингвиндер

Музей аралаған пингвиндер
Фото: vk.com

Канзас-Ситидегі Нельсон-Аткинс музейі қалалық хайуанаттар бағымен бірлескен науқан өткізіп жатыр. Ұжым үш пингвинді өздерінің негізгі көрмесіне шақырды.

Пинвиндердің музейге жасаған мәдени серуені кезінде түсірілген фотолар Facebook-те 700 мыңнан астам, Инстаграм, Twitter және YouTube-та 100 мыңнан астам қаралым жинаған екен. 5 жасар Бабблз, 7 жасар Мэгги және 8 жастағы Беркли мұражайдың залдарын аралап, экспонаттарды қызығушылықпен қарап шықты. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, қонақтарға Караваджо картиналары қатты ұнаған секілді. 

«Әрине, пингвиндер алған әсерін бөлісе алмайды, бірақ музейге бару олар үшін пайдалы әрі қызықты болды деп сенеміз», - дейді зоопарк қызметкерлері.

А. Оралқызы