Өлуге тыйым салынған 5 мекен

Өлуге тыйым салынған 5 мекен

Өлуге тыйым салу? Ақылға сыймайтын ереже емес пе?! Десе де, әлемде расымен де өлуге тыйым салынған, өлу заңсыз саналатын мекендер бар екен. Бар болғанда қандай десеңізші!

Жалпы өлімге тыйым салу ғұрпы - б.з.д. V ғасырдан бастау алады. Ол кезде Делос атты грек аралына өлім аузындағы адамдарды жібермеген екен. Ал қазіргі замандағы өлім қабылдамайтын мекендер төмендегідей болмақ.

1. Итсукушима (Itsukushima). Жапония жеріндегі Итсукушима аралы аса жоғары тазалықты талап ететін қасиетті мекен. 1555 жылы осы жерде Миядзима шайқасы болып, жеңген жақтың қолбасшысы аралды қаннан тазартуды бұйырады, сол кезден бастап Итсукушимада ешқандай шайқас өткізілмеген екен. 1878 жылдардан бері бұл аралда тазалықты сақтау үшін босануға және өлуге тыйым салынған.

2. Лонгйир (Норвегия). Лонгйир қаласындағы Шпицберген аралында осыған ұқсас ережелер бар. Өлуге тыйым салынған! Қаладағы шағын мазар 70 жыл уақыттан бері өлген адам денесін қабылдамай келеді.

Ауыр сырқатқа ұшырағандар немесе өлім аузындағы тұрғындар өздерінің соңғы күндерін өзге жерде өткізіп, сонда жерленеді екен.

3. Фальциано дель Массико (Италия). Италияның оңтүстігіндегі шағын қалашықтағы ереженің тарихы аздап өзгешелеу болып келеді. Қаладағы мазарларда бос орын жоқ. Сондықтан қала басшысы тұрғындарға «өлуге тыйым салған». Дәл қазіргі уақытта жаңа мазар тұрғызу жоспарланып жатқан көрінеді. Солай болғанымен, қалада әлі де өлуге тыйым салынып келеді.

4. Сарпуренкс (Франция). Францияның оңтүстік-батысындағы Сарпуренкс ауылында да өлуге тыйым салынған. Ауыл тұрғындарын жиі толғындыратын сұрақ: «Егер мен өлсем, жағдайым не болмақ?». Неге дейсіз бе? Бұл жердің мазарларында орын болмағандықтан, ауыл басшысы өлімге тыйым салып қана қоймай, өлген адамдарды жазалау туралы бұйрық шығарған. Алайда қандай жаза екендігі әлі белгісіз болып тұр...

Суреттер: waland.ru,facte.ru,tursvodka.ru,funeralcommunity.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева