Жылқы иесін суретіне қарап та таниды

Жылқы иесін суретіне қарап та таниды
Фото: teleport2001.ru

Жылқылар да өзге қолға үйретілген жануарлар секілді иесін сырт келбеті, дауысы, иісі мен одан басқа да белгілері арқылы таниды. Ал жуырда француз зерттеушілері жылқылардың тағы бір иесін тану қырын ашқандай.

Зерттеушілер 11 жылқыға арнайы зерттеу жүргізген. Бастапқыда қарапайым фотолар (қара түсті дөңгелек пен жылқы бейнесі) көрсетсе, кейіннен қиындауларына ауысқан. Соңында жылқыларға қазіргі немесе бұрынғы иесінің суретін көрсеткен. Нәтижесінде жылқылар суреттен өз иелерін таныған. Орта есеппен алғанда 75% жағдайда (6 айдан бері көрмесе де) дәл тапқан.

Француз зерттеушілері өз қорытындыларын Nature журналына жариялаған.

Н. Үсенова