Дубайдағы EXPO 2020 бір жылға кейінге қалдырылды

Дубайдағы EXPO 2020 бір жылға кейінге қалдырылды
Фото: express-k.kz

Дүниежүзілік көрме бюросы (ХКБ) Дубайдағы ЭКСПО-2020 халықаралық көрмесін 2021 жылға дейін кейінге шегеруді ресми түрде мақұлдады.

Көрме коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылғы 1 қазаннан 2022 жылғы 31 наурызға дейін өтеді. ХКБ мүшелері шешім бойынша онлайн режимінде дауыс берген. Онлайн дауыс беру 29 мамырда аяқталғанмен, көрме уақытын ауыстыру үшін қажет дауыс 24 сәуірде жиналған болатын.

БАӘ-нің коронавирус пандемиясына байланысты тарихтағы ең үлкен ЭКСПО-ны уақытын ауыстыру туралы өтінішін Көрмелер бюросы 30 наурызда қабылдады. Бюро мүшелері көрменің ресми атауын EXPO 2020 Дубайды сақтау туралы шешім қабылдағанын атап өтті.

Көрменің тақырыбы – "Ақылды біріктіріп, болашақты бірге құрамыз" (Connecting Minds, Creating the Future) деп аталады, оған 192 ел қатысады. Ұйымдастыру комитеті көрмеге 20 миллион адам келеді деп болжаған.

Т. Раушанұлы