Гренландияда коронавирусқа шалдыққандардың барлығы сауығып шыққан

Гренландияда коронавирусқа шалдыққандардың барлығы сауығып шыққан
Фото: vk.com

Гренландияда коронавируспен ауыратындардың барлығы сауығып шықты. Және вирус жұққан жаңа науқастар тіркелген жоқ. Бұл туралы High North News хабарлады. 

Гренландияда жаһандық пандемия басталғалы бері COVID-19-ға шалдыққаны расталған 11 жағдай болған. Олардың барлығы да ел астанасы Нууктың тұрғындары. Бұл Гренландиядағы ең көп қоныстанған қала, онда шамамен 18 мың адам тұрады. 

Гренландияның жалпы халқы шамамен 57 мың адамды құрайды. Ел билігі 900-ден астам адамды сынақтан өткізді. Соңғы рет инфекция жұқтырған жағдайй 4 сәуірде тіркелді. Қазір барлық 11 науқастың денсаулығы қалпына келді. Содан бері жаңа науқастар анықталған жоқ. 

Бұл аралда коронавирустың таралуы жоқ дегенді білдіреді. Гренландия билігі (Ол Данияның құрамына кіретін автономия) біртіндеп карантинді алып тастауды жоспарлап отыр.

Т. Раушанұлы