Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / "Броккен елесі" жайлы не білесіз?

"Броккен елесі" жайлы не білесіз?

Табиғат тылсым мен құбылысқа толы. Құпиясы ашылғаны бар, ашылмағаны бар. Сондай құбылыстардың бірі – "броккен елесі". Кейде "броккен әруағы" деп те айтылады.

Броккен – Германиядағы Гарс (Харс) тау жүйесінің ең биік нүктесі. Осы аттас (Оверхарц-ам Броккен) шағын елдімекен де бар. Табиғи құбылыс атауы осы аймаққа қатысты. Ал Қытайда бұл тылсымды "Будда жарығы" деп атайды. Сонымен бұл не болды екен?

"Броккен елесі" – атмосферадағы құбылыс. Адамдар ерте заманнан-ақ байқаса керек. Көп байқалатын жер Броккенде болған деседі. Орта ғасырларда жұрт осы таудың басынан алып көлеңкелерді аңғарған. Кей адамдар бұл құбылысты о дүниенің бейнесі деп түсінген. Ал халық арасында бұл туралы талай аңыз тараған. Броккенге баруға қорыққан.

Шын мәнінде "броккен елесі" – қарапайым ғана құбылыстардың бірі. Тауда тұман кезінде жиі байқалады. Күн ұясына батар шақта тау шыңына көтеріліп бара жатқан адам не аңға жарық төменнен түседі. Олардың көлеңкесі тау басындағы қалың тұман немесе бұлт бетінде көлбеңдей бастайды. Осылайша алып бейнелер пайда болады. Кейде кемпірқосақтың түсіне "оранған" дөңгелек шар іспетті болуы да мүмкін. Көлеңке сол шар ішінде көрінеді. Бұл – шар мен оның айналасындағы түстер бұлттан шағылып түскен күн сәулесінің сынықтары. "Броккен елесінің" бар құпиясы  осы ғана.

Тағы бір қарапайым мысалмен түсіндіре кеткен артық болмас. Егер біреу қараңғы бөлмеде арқасын шамға тақап, қабырғаға қараса, не көрер еді? Әрине, өзінің үлкен көлеңкесін көреді. Броккен елесі де осындай. Адам таудағы тұманнан өз көлеңкесін көреді. Әсіресе, альпинистер үшін бұл қорқынышты құбылыс емес.

Таудағы елестер тек Броккенде ғана кездеспейді. Кез келген шыңда, мысалы, тұман мен бұлт төменнен және күн шақырайып шыққанда байқауға болады.

Бұл құбылыс таудан басқа жерлерде де байқалады. "Броккен елесін" көрген ұшқыштар да бар. Бұлттың арасымен ұшып келе жатып, олар түрлі түсті сәуленің ортасынан сұр ұшақтың елесін байқайды екен. Ал Қиыр Солтүстікке барған адамдар да мұндай елестерді көргенін айтады. Оның құпиясы – полюстегі күн көкжиекке жақындағанда мейлінше қатты жарқырап, поляр шұғыласы көрінеді. Осы кезде тұман түссе әлгіндей елестер көлеңкесі шығады.   

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: Хасан Журтов
Қосылған күні: 13 сәуір, 23:48

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->