Фотограф Lego мүсіншелеріне love story түсірді

Британиялық фотограф Крис Уоллес әдетте тойларды суретке түсіретін. Бірақ карантин кезінде ол жұмыссыз қалды. Үйге қамалып іші пысқан жігіт Lego мүсіншелеріне той жасап берген.

Жас жұбайларды ол Фред пен Флоренс деп атап, қонаққа Чубакка, Хан Соло мен Гарри Поттер сынды басқа да мүсіншелерді шақырған. Тойға үш күн дайындалған.

Крис 11 жыл бойы той фотографы болып жұмыс істеп жүр. Осыған дейін 700-ден астам шараны фотоаппаратқа түсіріп үлгерген.