Ажал аузындағы би: Акробат жанартау үстінен жүріп өтті

Америкалық акробат Ник Валленда Никарагуадағы Масая жанартауы үстінен тартылған арқанмен жүріп өтті. Бүкіл әлемді өзіне қаратқан  "Ажал аузындағы би" 31 минутқа созылған.

Трюкты орындау үшін акробат респиратор киген. Ник Батыс басылымдарына берген сұхбатында бұл оның өміріндегі ең ұзақ әрі аса қауіпті трюк екенін айтқан. Валлендалар әулеті жеті атасынан акробат болған адамдар екен. Ник алғаш рет арқанмен 13 жасында жүріп өткен.