Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Антарктидадан жаңа арал табылды

Антарктидадан жаңа арал табылды

Антарктидадан жаңа арал табылды

Антарктиданың батыс жағалауынан жаңа арал табылды. Ғалымдар мұны климаттың жылынуына байланысты мұздықтар еріп, содан пайда болған арал болуы мүмкін деген ойда. Мұны Nature басылымы жазды.

Картада жоқ аралды ғалымдар ғылыми экспедиция кезінде анықтаған. Осы айдың басында. Ғарыштан түсірілген суреттерді көрген ғалымдар бұл маңда шағын жер телімі бар екенін бұрын да байқаған. Алайда мұз мен қардың астында жатқан аймақты арал деп ойламаса керек. Ғылыми экспедиция жасаған кезде ғана арал екенін аңғарған.

Вирджини университетінің гляциолог ғалымы Лорен Симкинстің айтуынша, қазір Антарктидада күн жылып, мұз жаппай еріп жатыр. Содан мұз құрсауындағы қара жер аршылып, жаңа географиялық нысандар ашылып жатыр. Әлі де ашыла беруі мүмкін. Бұл бір жағынан ғылым үшін пайдалы. Өйткені 100 млн жыл мұздың астында жатқан қара жердің қаймағы бұзылмай сақталып қалғаны анық әрі одан табылған дәйектер әлі талай нәрсенің көзін ашуы мүмкін.

Осы орайда ақпан айының басында Антарктида ең жылы температура тіркелгенін айта кеткеніміз жөн. 9 ақпан күні Бразилия ғалымдары өлшеген температура бәрінен асып түсті. Сеймур аралындағы термометр 20,75 °С градусты көрсетіп, тарихта тұңғыш рет Антарктидадағы жоғары температураны анықтады. Осыған ұқсас температура 1982 жылы Синьи аралында да тіркелген көрінеді. Ол кезде температура 19,8 градусқа жеткен еді. Ал Сеймурдағы температура одан 1 градусқа жоғары.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қымбат Слямбеков
Фото: www.vesveter.ru
Қосылған күні: 01 наурыз, 17:51

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.