Алғашқы аномалия: Антарктида 20 градусқа жылыды

Алғашқы аномалия: Антарктида 20 градусқа жылыды
Фото: yandex.kz

Антарктида құрлығындағы қысқы температура -60-70 °С шамасында болса, бергі жағалаудағы жазғы температура +10 градустан асқан емес.

Алайда ғаламдық жылынудың кесірінен Антарктидадағы температура уақыт өткен сайын жылынып барады. Мәселен, 9 ақпан күні Бразилия ғалымдары өлшеген температура бәрінен асып түсті. Сеймур аралындағы термометр 20,75 °С градусты көрсетіп, тарихта тұңғыш рет Антарктидадағы жоғары температураны анықтады. Осыған ұқсас температура 1982 жылы Синьи аралында да тіркелген көрінеді. Ол кезде температура 19,8 градусқа жеткен еді. Ал Сеймурдағы температура одан 1 градусқа жоғары.

Жақында Аргентина ғалымдары да осыған ұқсас құбылысты байқаған. Олар 6 ақпан күні Эсперанса станциясында маңындағы температураның 18,3 градусқа дейін жылынғанын байқаған.

Аномалия

Ғалымдар 20,75 градусты анамолия деп баға беруде. Марамбио базасының капитаны Маурисио Николаас Лаурисидің сөзіне қарағанда, суық құрлықтағы температураның плюстан асуы – сирек кездесетін жағдай. Қаңтар мен ақпан айларында Антарктида жаз орнайды, бірақ температура -1-2 градусқа дейін ғана жетеді. Алайда соңғы кездері Антарктидадағы жылы күндердің саны көбейіп, кей күндері жаңбыр жауатын болған.

Ғалымдардың ойынша, бұл жақсы нәрсе емес.

- Антарктиданың біраз жері жылынып жатқанын көріп жүрміз, бірақ мұндай жылы температураны көріп тұрғанымыз бірінші, - дейді бразилиялық ғалым Карлос Шефер.

Шефердің айтуынша, Сеймур аралы мен оған жақын архипелаг аралдарда ауа-райы 20 жылда еш өзгерген емес. Бірқалыпты суық. Биыл бірақ жылы...

- Антарктидадағы температура 50 жылдың ішінде салыстырмалы түрде 3 градусқа дейін жылынды, - деп дерек келтіреді Дүниежүзілік метеорология станциясының баспасөз хатшысы Клэр Нуллис.

Әлемдегі тұщы судың 70 пайызы Антарктида жиналған. Мұз бен қар боп қатқан солтүстік полис адамзатқа қажет судың 3/2-сін сақтап отыр. Егер ол ерісе, мұхит деңгейі 50-60 метрге дейін көтеріліп, Америка мен Африка құрлығын су алады. БҰҰ ғалымдарының айтуынша, егер Антартида осы қарқынмен еритін болса, 2100 жылға дейін теңіз деңгейі 1 метрге дейін көтерілуі мүмкін.

Температураның жылынуы мұздықтардың еруімен қатар жануарлардың да қырылуына әкеледі. Қазіргі уақытта солтүстікте жануарлардың 70-ке жуық түрі тіршілік етеді. Олардың арасында пингвиннің 4 түрі бар. Егер күн одан әрі жылыса, пингвиндердің жартысына жуығы қырылып қалуы мүмкін.

Қ. Слямбек