Германияны неге әр ел әртүрлі атайды?

Германияны неге әр ел әртүрлі атайды?
Фото: cosmopolitan.com

Германия – әлемдегі атауы көп жалғыз мемлекет. Яғни, әр тілде әртүрлі аталады. Мәселен, орыстар мен ағылшындар көне латын тілінде «адам» және «найза» сөздерін білдіретін герман атауын қолданады. Ал түрік халықтары мен француз, испан елі Алемания немесе Алмания деп айтады. Түркияның түріктері Алмания дейді.

Ал фин мен эстон халқы Германияны Саксамаа немесе Сакса деп атайды. Олар герман тайпаларын түркі халықтарының ата-бабасы саналатын сақ-сармат тайпасынан тараған ұрпақтар деп ойлайды.

Орыс, украин мен белорустар «немец», «нимеччин», «немечко» дейді. Яғни, орыс тілінің «не мы» («біздің тілде сөйлемейтін жат адамдар») сөзінен шыққан атау. Қазақта жүрген «неміс» атауы осыдан келген. Бұл атау арабтар да бар көрінеді.

Скандинавия халықтары «немістерді» Дойчланд деп атайды. «Халық елі» деген мағынаны білдіреді.

Германияның ХХ ғасырға дейінгі ел ретіндегі аты Пруссия болған. Қазір бұл атау Люксембург елінде сақталып қалған. Ал латыш, литва халқы вация деген атауды қолданады.

Жоғары айтылған атауларды топтастыра келе, Германияны әлем халықтары 7 атау бойынша «үкі тағып, ат қоятынын» көруге болады: дойч, герман, алман, сакса, немец, Пруссия, вация.

Кейбір халықтар «немістерді» франк, бавария, рейх, миксит деп те атайды. 

Қ. Слямбек