Қоқыстан £20 000 табылды

Қоқыстан £20 000 табылды
Фото: vk.com

Британияның Глазго қаласына жақын орналасқан Дамбартон елді-мекенінде анасына көмектеспек болған балалар оның өмір бойы жинаған ақшасын қоқысқа лақтырып тастаған.

Анасы жұмыстарымен шығып кеткенде үй жинауға кіріскен ұл мен қыз асүйдегі қажетсіз деп тапқан ыдыс-аяқты түгел қоқыста алып барған. Ал анасы 5 консерві банкасында £20 000 (шамамен $26 000) ақша жинағанын білмеген.

Мұны естігеннен кейін балалар қоқыс таситын компанияға хабарласады. Оларға Тони Скэнлон және Кенни Макадамс есімді компания қызметкерлері көмек қолын созған. Ақыры 1 сағат ішінде банкалар табылған екен.

Қоқыс тасушылар мұндай оқиғалар кейде болып тұратынын айтады: "Біз осыған дейін байқамай қоқысқа лақтырылған той көйлегін, машина кілтін, неке жүзіктерін де тапқанбыз", – деді Кенни.

А. Оралқызы