Жерде біртұтас құрлық болуы мүмкін бе?

Жерде біртұтас құрлық болуы мүмкін бе?
Фото: freepik.com

Біздің планетамыз күн өткен сайын өзгеріп келеді. 50, 100 не 200 миллион жылдан кейін Жердің қандай болатынын болжау қиын. Өйткені тектоникалық тақталардың қозғалуы әсерінен түрлі процестер болып, мұхит пен тау пайда болады. Арагідік ғалымдар мына тақта осынша сантиметрге жылжып келеді деп ақпарат таратпаса, күнделікті өмірде адам тектоникалық тақталардың қозғалысын сезбейді. 

Біздің түсінігімізде тектоникалық тақталардың үздіксіз қозғалуының арқасында Пангея біртұтас құрлығы бірнеше бөлікке бөлініп, қазіргі материктерді құрайды. Жерде төрт мұхит және алты құрлық бар. Ал бірнеше миллион жылда Жерде қандай өзгерістер болады?

Ғалымдардың басым бөлігі біраз уақыт өткеннен соң Жерде Пангея секілді біртұтас құрлық пайда болады деген пікірде. Жердің сыртқы қабаты бірнеше тектоникалық тақталарға бөлінген. Ал тақталар өз кезегінде үздіксіз қозғалыс үстінде. Дәл осы тектоникалық тақталарды зерттеумен айналысатын Солтүстік-Батыс университетінің Жер туралы кафедрасының профессоры Крис Скотезе 250 жылдан соң Жердің қандай болатынын болжап көрді.

Мұндай болжамдар геологтарға Жердің сейсмикалық томографиясын зерттеуге көмегін тигізеді. Қазіргі бар ақпарат бойынша құрлықтар жылына бірнеше сантимерге ғана жылжиды екен. Осы қарқынмен бірнеше миллион жылдан соң құрлықтар бір-бірімен соқтығысып, үлкен бір материкке айналады.

Профессор Крис Скотезенің теориясы Pangea Ultimate деген атау алған. Теория бойынша Атлант мұхиты уақыт өте кішірейіп, Американы Еуропаға жақындата түседі. Жерорта теңізі шөгіп, Еуропа пен Африка соқтығысады. Бұған қоса, Аустралия мен Оңтүстік-Шығыс Азия бірігіп, Гималай секілді биік тау тізбегін түзеді.  Ал Антарктида болса Африка мен Азияға қарай жақындайды. Гренландия да полюстен алшақтап, Еуропаға қарай бет алады.  

 
А. Рысдәулет