Тіршілік жоқ жерді білесіз бе?

Тіршілік жоқ жерді білесіз бе?
Фото: Wired

Жер шары біздің үйіміз екені даусыз. Дегенмен осы бір мекенде тіршілік етуге қолайсыз тіпті, мүмкін емес жер бар екенін білесіз бе?

Ғалымдар жаңа зерттеу нәтижесінде Эфиопияда тіршілік жоқ жер бар екенін анықтаған. Даллол деп аталатын жерде тіпті, микроағзалар да тіршілік ете алмайды. 

Жері тұзды және қышқыл, жыл он екі ай өте ыстық. Суыға тұз бен токсинді газдарға толы. Ғалымдар бұл жерді зерттей келе микробтың ізін де таба алмаған.

А. Рысдәулет