Финляндияда жұмыртқа пішінді мұздар пайда болды

Финляндияда жұмыртқа пішінді мұздар пайда болды
Фото: Ристо Маттила

Ристо Маттила есімді фотограф Финляндия мен Швейцария арасында орналасқан Ботаникалық шығанақтан ерекше табиғи құбылысты байқаған. Мыңнан астам жұмыртқа пішінді мұз шарлардың шашылып жатқанын көрген ол бұл көріністі фотоаппаратына түсіріп алған.

Фотограф бұл туралы BBC арнасына берген сұхбатында былай деді:

"Мен жағажайда жұбайыммен қыдырып жүргенде осы мұз шарларды байқадым.. Ауа райы 1C (32F болып тұрды және жел болды. Мұз шарлар шамамаен 30 метр жерді алып жатыр. Олардың ең кішкентайы жұмыртқа пішіндес болса, ең үлкені футбол добымен бірдей", деді Ристо Маттила.

Ғалымдардың пікірінше, жұмыртқа пішінді мұздардың пайда болуы – бұл табиғатта өте сирек кездесетін құбылыс. Мұздың дөңгелек пішінге ие болуы жел мен судың әсерінен болған. Яғни алғашында кішкентай мұз пайда болып, оған су тамшылары тигеннен кейін ол дөңгелене берген.

А. Қажиев