Пластик қоқыстың басым бөлігі Coca-Cola өнімдеріне тиесілі

Пластик қоқыстың басым бөлігі Coca-Cola өнімдеріне тиесілі
Фото: Retail

Break Free From Plastic табиғатты қорғау ұйымы әлемнің әр жеріндегі жағажайлар мен көшелерін қоқыстан тазартты. Бұл игі шараға 72 мыңнан астам ерікті қатысқан.

Төрт құрлықтағы 37 мемлекет 475 мыңнан астам пластиктен жасалған қоқыстан тазартылды. Оның басым бөлігі қандай компанияға тиесілі екенін анықтау мүмкін болмады. Дегенмен өзге бөтелкелерге қарағанда Coca-Cola компаниясының өнімдері көп екені анықталды. Coca-Cola бөтелкелері 11 732 дана. Сондай-ақ әлемді ең көп ластайтын пластик бөтелкелеге Nestle, PepsiCo, Mondelez International және Unilever компаниялардың өнімдері жатады.

Жалпы қоқыстардың ішінде 8 мыңнан астам брендтердің өнімдері бар. Алайда әлемнің барлық бөлігінде Coca-Cola көш басында тұр. Еуропа мен Африкада бірінші, Азия мен Оңтүстік Америкада екінші орынға жайғасқан. Ал Солтүстік Америкада тек бесінші көрсеткішті көрсетті. Көш басында Nestle, Solo Cup Company және Starbucks өнімдері тұр.

А. Рысдәулет