Памперс, термос, фен: Жалқыдан жалпыға айналған брендтер

Памперс, термос, фен: Жалқыдан жалпыға айналған брендтер

Егер бренд тауардың жалпы атауына айнала бастаса, оның компания үшін жақсы жағы да, жағымсыз тұсы да болады. Бір жағынан жалпы болып кеткен атау компанияның жетістігі мен сапасын көрсетсе, бір жағынан бренд пен оның өндіретін тауары бір ұғымға айналғанда компания өзінің авторлық құқығынан айырылып, дәл сондай тауар өндіретін кез келген компания сол атауды пайдалана береді.

Барлығына "ксерокс" сөзі таныс. Бұл басында көшіргіш құрылғыларды өндіретін компания болған. Ал кейін қазіргі қолданыстағы жалпы ұғымға айналып кетті. Бірақ Xerox компаниясы мұндай жағдайға душар болған жалғыз компания емес.

1. Кеды

Image result for keds"

1916 жылы Америкада "Keds" атты аяқкиім компаниясы пайда болды. Фирма тұтынушылар арасында тез танымал болды, өнімдері көптеп сатыла бастады. "Keds" бастапқыда аяқкиімдерін спортқа арнап жасаған, бірақ тұтынушыларға кедылардың ұнағаны сонша, олар оны күнделікті аяқкиім ретінде кие бастады.

2. Фен 

"Foen" неміс компаниясы шаш кептіргіш құрылғыларды 1900 жылдары шығара бастады. Неміс тілінде "foen" (айтылуы: "фён") сөзі Альпі тауынан ескен жылы жел деген мағына береді. Ал фен құрылғысын қолданатын өзге жұрт тауарды брендтің атымен атап кетті.

3. Памперс

Image result for pampers logo"

"Pampers" бренді – Procter & Gamble компаниясының бір бөлігі. Бұрын бұл тауарды жаялық деп атаған, алайда "Pampers" өнімінің табысты болғаны сонша, памперс жаялық сөзін лексиконнан ысырып тастады.

4. Скотч

"Scotch Tape" ("шотланд лентасы" деп аударылады) – жабысқақ лента шығаратын 3М корпорациясына тиесілі компанияның аты. Бірақ жабысқақ лентаның түр-түрі бар және олардың ортақ атауы – скотч.

5. Джип

"Willys" компаниясы Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде "Willys JP" деп аталатын көлік шығарды. Көлік атындағы JP уақыт өте келе "джей пи" емес, "джип" деп аталып, жол талғамайтын көліктердің ортақ атына айналып кетті.

6. Термос

Image result for Thermos GmbH logo"

Азық-түлікті бір температурада ұстап тұра алатын ыдыс Thermos GmbH компаниясының арқасында термос деген атқа ие болды. Біршама елде сапарға керек бұл ыдысты көбі термос деп атайды, бірақ оның ресми тіркелген тауар белгісі екенін біле бермейді, сірә. 

7. Джакузи

Италиялық эмигрант Candido Jacuzzi 1917 жылы гидравликалық ванна ойлап тауып, өндірісін дамытты. Бізге таныс "джакузи" сөзі америакандардың Jacuzzi  сөзін дұрыс айтпағанынан танылып кетті. Дұрыс айтылуы итальян тілінде Якуцци екен.