Мысырда ежелгі қабірлер табылды

Археологтар Египеттің Луксор қаласы маңынан 20-дан астам ежелгі ағаш табыт тапты, деп хабарлайды елдің ежелгі істер министрлігі.

Жарқын әшекейлері әлі күнге дейін көрінетін табыттар Ніл өзенінің батыс жағындағы Асасифтің Тебан қорғанынан табылды. Олар екі қабат етіп жерленген. Министрлік бұл оқиғаны соңғы жылдардағы  “ең үлкен және маңызды жаңалық” деп атады. Толығырақ ақпарат сенбіде өтетін баспасөз конференциясында жарияланады.

Патшалар алқабына жақын орналасқан Асасифтегі қабірлердің көпшілігі ежелгі Египеттің соңғы патшалық (б.з.д. 664-332 жж.) кезеңіне жатады.

Сонымен қатар, Жаңа Патшалықта алғашқылардың бірі болған және атақты перғауындар Ахмос, Хатшепсут, Тутмос III, Аменхотеп III, Эхнатон және Тутанхамоннан тұратын 18-ші әулеттің (б.з.д. 1550-1292) қабірлері де бар.

Өткен аптада Антиквариат министрлігі археологтар Батыс Люксор алқабында ежелгі “индустриалды аймақ” тапқанын хабарлаған.

Бұл аймаққа “жерлеу жеріне арналған жиһаздарды сақтауға және тазартуға арналған үйлер, 18-ші әулетке жататын қыш ыдыстар кіреді” делінген хабарламада.