NASA Айдың 3D-картасын жасап шығарды

NASA Айдың 3D-картасын жасап шығарды
Фото: NASA

АҚШ ғарыш ведомствосы (NASA) ресми сайтында Айдың үшөлшемді картасын жариялады. CGI Moon Kit картасы ең алдымен суретшілер мен компьютер графиктерін жасаушыларға арналған.

3D-картаның негізі болған деректер Lunar Reconnaissance Orbiter планетааралық автоматты станциясынан алынған. Ғарыш құрылғысы он жылдан бері Айдың орбитасында жүр. 

LRO планетааралық автоматты станциясының бортына Айдың беткі қабатын сапалы фотоға түсіретін камера орнатылған. Құрылғы бір түсіргенде Айдың кішігірім бөлігін ғана алады екен, дегенмен он жылдың ішінде Жердің серігін толықтай фотоға түсіріп үлгерген. Сондай-ақ Айдың беткі топологиясын LRO құрылғысына орнатылған арнайы лазерлі биіктік өлшегіш арқылы жасап шығарған.

Lunar Reconnaissance Orbiter - айды зерттеу мақсатында 20 ғасырдың 70 жылдары жіберілген ғарыш аппараты. 2009 жылдың 18 маусымында жұмысына кіріскен ол ай орбитасында сол жылдың 23 маусымынан бері жүр. Аппараттың басты мақсаты - ай бетінен су түзілістерін табу және болашақта ғарышкерлердің қонуы үшін қолайлы аймақты анықтау. 

А. Рысдәулет