Күнге жақын жерден алып экзопланета табылды

Күнге жақын жерден алып экзопланета табылды
Фото: Space.com

Калар-Альто обсерваториясының астрономдары күтпеген жерден Юпитерге ұқсас ғаламшарды тапты. Аса ірі планета Жер шарынан 31 жарық жылы қашықтықта орналасқан.

Астрофизик қалайша бұған дейін алып аспан денесін байқамағандарына аң-таң. Ғалымдардың айтуынша, бұл планета Күн жүйесіндегі ең үлкен ғаламшар Юпитерге ұқсайды. 

Каталония ғарышты зерттеу Институтының астрономдар тобының жетекшісі Хуан Карлос Моралес айтуынша, алып экзопланета аз ғана уақыттың ішінде үлкен газды жиынтықтардан түзілген. 

Жаңа табылған ғаламшар GJ 3512 атты кішігірім жұлдызды айнала өмір сүреді екен. GJ 3512 жұлдызының салмағы Күннің 12 пайызын ғана құрайды. Ал газды планетадағы бір жыл 200 тәуліктен тұрады екен. 

Германиядағы Макс Планк Қоғамының астрономия Институтының астрофизиктері жаңадан экзопланетаның табылғанын растап, газды ғаламшарлардың пайда болуы туралы деректерді қайта қарау керек екенін мәлімдеген.

Жаңа ғаламшардың салмағы өте ауыр. Қолдағы дерек бойынша, ол Юпитерден (1,8986⋅1027 кг) екі есеге ғана жеңілірек. Енді астрономдар жаңадан табылған планетада тіршілік бар-жоғын анықтауға кіріспек.

А. Рысдәулет