Біз өмір сүріп жатқан ғалам 2 млрд жылға жас болуы мүмкін

Біз өмір сүріп жатқан ғалам 2 млрд жылға жас болуы мүмкін

Жаңа зерттеулер бойынша, біз өмір сүріп жатқан әлем не ғалам бірнеше миллион жылға жас болуы мүмкін

Ғаламның шын жасын анықтау оңайға соқпасы анық. "Галактикадағы жұлдыздардың жылжуына қатысты көптеген сауалдардың жауабы нақты емес" дейді Германиядағы Макс Планк университетінің ғалымы Ин Джи.

Science журналына шыққан зерттеуде ғалымдар Ғаламның жасын жұлдыздардың жылжу жылдамдығына байланысты есептеген.

"Егер бізді қоршаған әлем тезірек кеңейсе, онда ол қазіргі өлшеміне жылдам қол жеткізді, демек жасы да әлдеқайда кішірек" дейді зерттеушілер.

"Кеңею жылдамдығы" космологиядағы ең маңызды зерттеу элементтерінің бірі болып саналады.

Хаббл 70 тұрақтылығы бойынша, Ғаламның жалпыға белгілі жасы - 13,7 миллиардта. Ал ғалым Джидің командасы Хаббл тұрақтылығы 82,4 деген шешімге келді, демек Ғаламның жасы 11,4 миллиард шамасында. Джи зерттеу барысында гравитациялық линзаларды қолданған, яғни, гравитация жарықты азайтып, алыс объектілерді жақындатады.

Джидің бұл жаңа тәсілі соңғы жылдардағы зерттеулердің қорытындысын жоққа шығарып тұр. Гарвард астрономы Ави Леб бұл зерттеуге сырттай баға берді. Оның айтуынша, Ғаламның жылдамдығы мен жасын есептеуде Джидің қолданған тәсілі оңтайлы.

"...Бірақ қосымша дәлелдерді жинамай тұрып, қателіктер кетуі мүмкін" деді Леб.

inform.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Коронавирустың ұзаққа созылған ағымы
Коронавирустың ұзаққа созылған ағымы
Мариана шұңғымасына қатысты қызық деректер
Мариана шұңғымасына қатысты қызық деректер
Гаэтале – жер бетіндегі ең тұзды көл
Гаэтале – жер бетіндегі ең тұзды көл
Сингапурда саламатты өмір салтын ұстайтындарға ақы төленеді
Сингапурда саламатты өмір салтын ұстайтындарға ақы төленеді
ER-BATYR жобасында Рауан Кенжехан қашықтан оқыту және азаматтық позиция туралы айтады
ER-BATYR жобасында Рауан Кенжехан қашықтан оқыту және азаматтық позиция туралы айтады
"Алматы жартылай марафоны - 2020" онлайн форматта өтеді
"Алматы жартылай марафоны - 2020" онлайн форматта өтеді