Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Адамзатты бір сәтте бай қылатын астероид

Адамзатты бір сәтте бай қылатын астероид

Адамзатты бір сәтте бай қылатын астероид

1852 жылы Аннибале де Гаспарис есімді астроном ерекше астероидты ашып, оны ежелгі грек мифологиясындағы Психея құдайының құрметіне атаған.

Аспан денесі несімен ерекше дейсіз ғой? Психеяның құны - 700 квинтиллион (квинтиллион - 18 нөлі бар сан) доллардың шамасында.  

Ғалымдар Психеяны зерттей келе оның құрамында өте көп мөлшерде темір, никель, платина, мыс және алтын бар екені анықтады. Бұл бір аспан денесі өзінің құрамымен Жер бетіндегі барлық адамды миллиардер етуге қауқарлы.

Темір мен никельден тұратын астероидтар сирек кездеседі. Оған қоса Психеяның мөлшері үлкен, диаметрі 226 шақырымды құрайды.

Әрине, мұндай ерекше аспан денесіне барлық ғарыш державалары қызығушылық танытып отыр. Алайда бірінші қадамды NASA жасауды жоспарлауда. Осыдан бірнеше жыл бұрын NASA Психеяға экспедиция жіберуге дайындықты бастағанын мәлімдеген болатын.

Астероидты игерудің үш жолы бар:

- Астероидтың өзінде кентас өндіріп, оны Жерге әкелгеннен соң өңдеу;

Астероидтың бетінде кентасты өңдеп, дайын материалды Жерге әкелу;

Аппараттардың көмегімен астероидты Жер мен Айдың арасындағы қауіпсіз орбитаға әкелу;

Дегенмен әзірге адамзат технологиясының шыңы бұл ерекше аспан денесін өңдеуге қауқарсыз, оның үстіне қазір оны Жерге жақындату мүмкін болмай тұр.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: Steemit
Қосылған күні: 09 шілде, 13:36

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.