"Жаһандық жылыну". 2050 жылы адамзат өркениеті жойылады

"Жаһандық жылыну". 2050 жылы адамзат өркениеті жойылады
Фото: freepik.com

Аустралиядағы Breakthrough — National Centre for Climate Restoration сараптамалық орталығының сарапшылары климаттың өзгеруінің салдарынан 2050 жылға дейін адамзат өркениеті жойылуы мүмкін деген қорытындыға келді.

Мамандардың баяндамасында адамзат әрекетінің кесірінен пайда болған жаһандық жылыну қауіптілігі бойынша ядролық соғыстан кейінгі екінші орынды алады. 

Ғалымдардың пікірінше, егер адамзат қазірден бастап энергия көзінің баламасын таппаса 2030 жылға таман көмірқышқыл газының шығарылуы қауіпті деңгейге жетеді. Ал 2050 жылы жердің орта температурасы Цельсия бойынша үш градусқа дейін көтеріліп, мұздықтардың еруіне, құрғақшылыққа және Амазония жауынды орманындағы ағаштардың жойылуына әкеледі. 

Әлемнің түкпір-түкпірінде тасқын болып, ормандар бірінен кейін бірі өртенеді. Экожүйесінің біршама бөлігі жойылып, Жердің үштен бір бөлі шөлге айналады. 

Ал бұл өз кезегінде ресурстың тапшылығына және ол үшін соғысқа әкеп соқтырады. Нәтижесінде Жерде хаос орнап, адамзат өркениеті жойылады, - дейді сарапшылар.

Әлемдік метеорологиялық ұйымның сарапшылары бұған дейін 2014-2023 жылдар аралығы соңғы 150 жылдағы ең ыстық кезең болатынын болжаған еді. Ал әрбір бес жылда орта температура XIX ғасырдың екінші жартысына қарағанда 1 градусқа жоғары болады. 

Өткен жылы БҰҰ-ның халықаралық мамандар тобы зерттеу нәтижесінде осындай қорытындыға келген болатын. Әлем елдері жаһандық жылыну себебінен болатын табиғи апаттарға жол бермеу үшін "қоғамның барлық салаларында тез және болашақты көздейтін өзгерістерді" енгізуі керек деп дабыл қаққан.

Баяндамада 2030 жылда ғаламшарымызда ауа-райы 1,5 градусқа дейін артатыны жазылған. Бұл жаппай құрғақшылық, өрт қауіптілігі, азық-түлік жетіспеушілігі қауіптілігін арттырады.

Сонымен бірге, жаһандық жылыну әсерінен мәңгі мұздар еріп, мұхит деңгейі көтеріледі. Бұл су тасқындары мен әлем экономикасына залалын тигізеді. Ауа-райының көтерілуіне жол бермеу үшін 2030 жылға дейін парниктік газдарды шығаруды 45 пайызға азайтып, 2050 жылы болса 0 пайызға жеткізілу көзделіп отыр.

Адамзат тіршілік етіп отырған Жер шарында әрбір градустың маңызы жоғары. Қазір біздің планетамыз тіршілік етуге ыңғайлы ауа температурасын сақтап отыр. Егер қалыпты жағдай бұзылып, орта темпартура 2 градусқа көтерілсе не болады?

1975 жылы экономист Уильям Нордхаус әлемдік жылынуды байқап, дабыл қақты. Ол өзінің достары арқылы Халықаралық қолданбалы анализ жүйесі институтынан карбонат газын бақылауда ұстауға болатын-болмайтынын сұрастырды. Себебі экономист Жердің 2 градусқа жылынып кетуі тарихта болмаған апат әкелуі мүмкін екенін алға тартты.

Экономист "2 градус" түсінігін қайдан алды? Нордхаус ғылымға негізделді. Карбонат газының планетаны жылытып жіберетінін түсінді. Ол ғана емес, ғалым бұл жағдайдың түбі болатынын айтып, 2030 жылы жойылуы мүмкін деген қорытындыға келген.

1992 жылы осы бағытта жұмыс жасайтын, бақылау жасап отыратын арнайы БҰҰ жанына орталық құрылды. Соңғы рет Жердің жылынуы осыдан 11 000 жыл бұрын орын алған.

Орташа температуа 2 градусқа көтерілсе  жерде қуаңшылық әкеліп қана қоймай, құрғақ ауамен адамзат өркениеті өмір сүруін тоқтатуы мүмкін. 

А. Рысдәулет