Том-ям сорпасы ЮНЕСКО мұрасы тізіміне енгізілмек

Том-ям сорпасы ЮНЕСКО мұрасы тізіміне енгізілмек
Фото: vk.com

Тайланд билігі  өздерінің ұлттық  том-ям сорпасын ЮНЕСКО мәдени мұралары тізіміне енгізбек ниетті екенін хабарлады.

Өтініш беру туралы шешім Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдени мұраны қорғау және көтермелеу комитетінің отырысында қабылданды.

Том-Ям – тай халқының ұлттық тағамы. Бұл шаян қосылған дәмді және қышқыл сорпа. Том-ямның әртүрлі рецептері бар, шаян орнына тауық, балық немесе басқа теңіз өнімдерін қосуға болады.

Ресми өтінім бермес бұрын, Тайланд үкіметі ұлттық тағам туралы мүмкіндігінше көп ақпаратты жинау үшін арнайы мекемелер мен аспаздармен арнайы кеңес өткізеді.

Сорпаны ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасы ретінде ұсынуға арналған құжаттар 2020 жылғы 31 наурызға дейін ұсынылуы тиіс.

Т. Раушанұлы