Ауаға зиянды газдың бөлінуі рекорд жаңартты

Ауаға зиянды газдың бөлінуі рекорд жаңартты

Атмосферадағы зиянды газдардың мөлшері бұрын-соңды көрсетпеген көрсеткішті көрсетіп, рекорд орнатуда. Бұл жаңалықты әлемге мәлім етуге Германияның жаңартылған энергия Институтының ғалымдары тәуекел етіп отыр. 

Ғалымдардың есебінше, 2011 жылдан бері  алдыңғы жылдарға қарғанда ауаға зиянды газдардың таралуы 2,5%-ға өскен. Демек атмосфераға тараған пайдасыз заттар 1990 жылмен салыстырғында екі есе көп мөлшерді көрсетуде. Әлем бойынша атмосфераға ең көп зиянды зат бөлетін ел - Қытай. Күншығысы елі АҚШ-пен салыстырғанда екі есе мөлшерде ауаға пайдасыз газ бөледі екен.

Ал көршіміз Ресей елі ауаны ең көп ластайтын он елдің ішінде жоқ емес. Бірақ олар атмосфераға АҚШ, Германия және Қытай сынды ауыз толтырып айтарлықтай деңгейде зиян келтірмейді.

Осыған байланысты Еврокомиссия 2013 жылы экологиялық салық әрекетін қайта қарау керек екендігін айтуда. 

Еврокомиссар Конни Хедегор климат мәселесі бойынша: "Еврокомиссия 2013 жылы күзде болатын Халықаралық азаматтық әуе авиациясы ұйымының ассамблеясына дейін бұл салық түрін тоқтатуға дайын",- дейді.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: airheat-spb.ru

А. Әбілхан