Ежелгі Мысыр мүсіндерінің мұрындары неге сынық?

Ежелгі Мысыр мүсіндерінің мұрындары неге сынық?

АҚШ-тың Сент-Луис қаласындағы Пулитцер өнер қорында “Соққы күші: Ежелгі Мысырдағы иконоклазм” көрмесі ашылды.

Экспозицияда Ежелгі Мысыр мәдениетіне жататын мүсіндер жинақталған. Бір қызығы, олардың барлығының мұрны шағылған. Мұражай кураторлардың мұндай көрме ұйымдастыруына қонақтардың жиі қоятын сұрақтары себеп болған екен. "Әдетте олар: "Мысырлық мүсіндердің мұрындарына не болған?" деп  сұрап жатады. Бұған жауап табудың өзі қызық болар еді" - дейді ұйымдастырушылар.

Бұл сұраққа қатысты адамның ойына алдымен көне мәдениет болған соң, уақыт өз дегенін жасаған шығар деген ой келеді. Алайда, ғалымдар оларға әдейі зақым келтірілгенін анықтаған.

Мысырға христиан дінін алып келгендер жергілікті халықтың бейнелерге табынатынын көрген. Сол мүсіндерді құрту арқылы олардың сенімімен күрескен. Мысырлықтар үшін бұл бейнелер Тәңірмен тікелей байланыс жасайтын "канал" іспеттес болған. Ал зақымдалған мүсін ондай байланысқа жарамайтын еді. Христиан дінінің үстемдігі артқан сайын, мұндай әрекеттер жиілей түскен. Бұл сенім өкілдері үшін Мысыр Тәңірі "нағыз жау" еді.

Ал, мүсінді неге толық қиратпаған?

Иә, оларды тұтастай құртып жіберуге де болар еді. Бірақ олар тек мұрнын сындырды. “Мұрын — тыныс алу мүшесі, өмір тынысы. Бұл әрекет іштегі рухты жою үшін "тұншықтырғанмен" пара-пар,"- дейді кураторлар.  


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді