Бұл қызық: Хип-хоп тыңдаған ірімшіктердің дәмі өзге болады

Бұл қызық: Хип-хоп тыңдаған ірімшіктердің дәмі өзге болады
Фото: vk.com

Швейцариядағы Берн университетінің профессорлары Бит Уэмпфлер есімді ірімшік өндірісімен айналысатын маманмен біріге отырып қызықты тәжірибе жүргізді.

Олар ірімшік жасау барысында түрлі жанрдағы музыка қосып қойған. Тәжірибе үшін алдымен 10 келі ірімшік алынып, олар ағаш жәшіктерге салынған. Оларға 6 ай бойы бір музыканы қайта-қайта "тыңдатқан".  Плейлистте Led Zeppelin-нің Stairway to Heaven туындысы, диджей Vril-дің UV композициясы, A Tribe Called Quest хип-хоп-группасының Jazz (We've Got) және Моцарттың "Ғажайып флейтасы" болған.

Тәжірибе соңында музыка тыңдаған ірімшіктер өзгесіне қарағанда жұмсақ шыққан. Хип-хоп бағытындағы музыка қосылғандарының иісі мен дәмі қанық шыққан.

Бұл зерттеудің көпшілікке ұнағаны сонша, Бит Уэмпфлерге кей адамдардан ұсыныс түсе бастады. Бірі блюз тыңдаған ірімшік алғысы келсе, екіншісі AC/DC тобының музыкасын тыңдаған ірімшікке құмартып жатқан көрінеді .

А. Оралқызы