Бүгін күн тұтылды

Бүгін күн тұтылды

Бүгін осы жылы болатын жалғыз күннің тұтылуы болды. 

Бірінші болып табиғаттың ғажабын Аустралияның солтустік-шығысының тұрғындары көре алды. Екі минут бойына енді шыққан Күн Аймен жабылып, жерге 150 километрге созылған көлеңке түсірді. 

Жергілікті уақытпен 6.38-де басталған Күннің тұтылуы анық көрінді, жаман ауа райы болжамына қарамастан, аспан ашық болды. 

Тұтылу астанасы осы жолы Квинсленд аймағындағы Кэрнс қаласы болды. Бұл - Күннің тұтылуы толықтай көрінген жалғыз қала. Таңғы 6.38-де жергілікті тұрғындар, қонақтар және тұтылуды көруге арнайы келген ғалымдар мен туристер Айдың Күнді 2-ақ минутта жауып өтуін бақылады. 

Құбылыс Аустралияның Квинсленд аймағының туристік саласына жақсы әсерін тигізді. Бұл жерде "тұтылуды өткергендерге" арнайы шаралар ұйымдастырылыпты. Мысалға, Порт-Дуглас қалашығында спортшылар марафон жүгірсе, Палмер-Риверде электронды музыканың "Тұтылу Фестивалі" ұйымдастырылмақ.

Айта кетсек, Күннің толық тұтылуы Айдың Күн мен Жер арасында өткенде болады. Тұтылу Жердің тек кейбір аймақтарында байқалады, бұл Айдың өлшеміне байланысты. Толық күннің тұтылуы әр 18 ай сайын болып тұрады. 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: mr7.ru

С. А