Полярлы шұғыла қалай пайда болады?

Полярлы шұғыла қалай пайда болады?

Күннің ішінде сутегі ядроларының селбесу реакциясы жүріп, нәтижесінде гелий ядросы түзілетіні бәрімізге анық. Сонымен қатар, Жерге өмір сыйлаған электромагнитті толқындар бөлінеді. Бұл реакциялармен қатар, күннің плазмасында зарядталған протон және электрон бөліктерінің ағыны жүзеге асады. Бұны ғылымда «күн желі» деп атайды.  

Сутегі ядроларының селбесуі нәтижесінде жүзеге асатын термоядролы реакция ешқашан тыныш және бірқалыпты болмайды. Күн плазмасында «ядролық» жарылыстар» жиі орын алады.

Осындай жарылыс кесірінен Күндегі зарядталған бөлшектер ағынының саны кенеттен артып кетеді. Олардың ұшу жылдамдығына байланысты араға әр түрлі уақыт салып, Жерге жетеді де, оның магнитті аймағына түседі. Жердің магнитті аймағының күштілігі сонша жылдамдығы мен қозғалысына қарамастан протон мен электрондар бірден жердің экваторлық ендікте орналасқан тығыз атмосфералық қабатына өте алмайды. Дегенмен, полярлы аймақтарда бұл құбылысқа ешнәрсе кедергі келтірмейді. Тіпті, экватор ендігі де...

Протон мен электрондардың қуаты күшті болғандықтан, олар ионданады да атмосфера атомдары мен молекулаларын қоздырып, жарық шашады.

Асмосферадағы негізгі газдар, бәрімізге мәлім – азот пен оттегі. Оттегінің қозған атомдары жасыл және қызыл түстерді берсе, азот молекуласы инфрақызыл мен ультракүлгін толқындарды тудырады. Осылайша полярлы ендікте шұғылалар пайда болады.

Полярлы шұғыла — күндегі жалынның пайда болуымен түсіндіріледі. Зарядталған бөлшектердің қозғалысынан пайда болған күшті электр тоғы магнитті аймақта магнитті дауылдың туындауына себепші болады. Әсіресе, бұл уақытта атмосфера жоғары қабаты – ионосферада реакция күшті іске асады. Бұл жердегі өмірге қатты әсер етеді.

Ауа-райы өзгереді. Адамдар ауырады. Асмоферадағы тоқ радиобайланысқа әсер етеді.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін