География оқулығында айтылмайтын қызықты деректер

География оқулығында айтылмайтын қызықты деректер
Фото: TourBC extreme_channel

Мектеп қабырғасында өтілетін сабақтар балаға "үлкен әлемге" есік ашатын табалдырық болуы керек. Бала мектепте ала алмаған білімін өсе келе жоғары оқу орнында немесе өз ізденістері арқылы ала алады. Мектеп кезінде кейбір пәнге қатысты қызықты, даулы мәліметтер айтылмайды. Назарларыңызға сондай деректердің бірнешеуін ұсынамыз.

Джомолунгма шыңы Жер шарының ең биік нүктесі ме?

Эверест – су деңгейінен ең жоғары орналасқан нүкте. Бұл мәліметпен бәрі де талассыз келіседі. Бірақ, оны "Жер шарының ең биік нүктесі" деп атайтындарға қарсы шығушылар да бар. Егер, Жер ортасынан бастап өлшесеңіз ең биік нүкте – Чимборасо жанартауы екен. Оның биіктігі 6384,4. Ал Джомолунгма шыңы – 6381 метр. Осылай өлшейтін болсақ Эверест Жер шарындағы ең биік 20 шыңның тізіміне де енбейді қалады. Сондықтан Жер бетіндегі ең биік нүктені өлшеуге қатысты даулы пікірлер көп. 

Бір уақытта Жер шарының Солтүстік және Оңтүстік жарты шарында футбол ойнауға бола ма?

Бразилиядағы "Естадио Милтон де Соуза Корреа" (Estadio Milton de Souza Correa) футбол алаңын барлық адамдар "Zerao" (үлкен нөл) деп атайды. Себебі аталмыш футбол алаңының ортасындағы сызық дәл Экватор сызығының үстінде орналасқан. Сондықтан екі команда кездескенде клуб намысын ғана емес, өз жарты шар намысын да қорғайды.

Немо нүктесі

Адамдардан барынша алысқа саяхаттауды армандайтындар үшін ғалымдар Немо нүктесін ойлап тапқан. Егер сіз Немо нүктесінде орналассаңыз, ең жақын деген құрлыққа жету үшін 2688 километр қашықтықты жүзіп өтуге тура келеді.  Немо нүктесін 1992 жылы хорват инженері Хрвойе Лукатела әлемдік картаны компьютермен модельдеу арқылы анықтады. Лукатела Жюль Верннің адамзаттан алыстап, жыраққа ұмтылған кейіпкері капитан Немоны негіз етіп алып, географиялық нүктеге Немоның атын берген.

Бір-бірімен түйіскен 4 штат

АҚШ-та Юта, Аризона, Нью-Мексико, Колорадо штаттары түйіскен жер бар. Бұл орынға туристер суретке түсу үшін арнайы ғимарат салынған.

Ең құрғақ мекен

Қазір оны Сахара немесе Қарақұм деп айтып жүр. Анықтамаға қарасақ Жер бетіндегі ең құрғақ мекен деп жаңбыр сирек жауатын мекенді айтады. Мұндай мекен Антарктидада орналасқан. Антарктидағы шөлге жылына 50 мм ғана жауын жауады. Ал Сахара екінші орында.

Аустарлиядағы қорған Ресей-ҚХР шекарасынан да ұзын

XIX ғасырда Аустралияда қойлар экономиканың маңызды саласы болды. 1880 жылдары фермерлер қойларын жабайы динго иттерінен қорғау үшін ұзын қоршау сала бастады. Бүгінде қоршаудың ұзындығы 5 614 шақырым. Салыстыру үшін айтар болсақ, Ресей-Қытай шекарасының ұзындығы 4209,3 шақырымды құрайды.

Әр 6 айда мемлекеттік туын ауыстырып тұратын арал

Бұл арал Бидасоа өзенінде орналасқан болып, жылдың алғашқы 6 айында Испанияға, қалған 6 айында Франция иелігіне өтеді. Жергілікті әкімшілік әр 6 айда туды ауыстырып тұруға мәжбүр. Бұл үрдіс соңғы 300 жылдан бері жалғасып келеді.

Аппалач шыңдары төмендеп, Гималай өсіп келеді

Аппалач тау жүйесі — Солтүстік Американың оңт.-шығысында 2600 шақырымға созыла орналасқан таулар. Ол бір-біріне пераллель орналасқан жоталардың, аңғарлардың, үстірттердің және таулы үстірттердің күрделі жүйесін құрайды. Ені 300-500 шақырым, ең биік нүктесі – Митчелл шыңы (2037 м). Тау жүйесінің оңт.-шығысы мен солтүстік бөлігі кристалды жыныстардан (гнейс, кристалды тақтатас, кварцит) тұрады. Палеозойдың бас кезіндегі қатпарлану нәтижесінде көтерілген. Жыл сайын Аппалач таулары мүжіліп төмендеп келе жатыр. Бірақ бұрын Аппалач өте биік, тіпті Эвересттен де биік болған екен.  Ал Гималай тауының таулы жүйесі ең жас таулы жүйе ретінде қабылданған. Ондағы өзендердің жасы таудың жасынан әлдеқайда үлкен. Гималай жотасы осыдан 70 миллион жыл бұрын Үнді-Австрия және Еуразия құрлықтарының соқтығысуы кезінде пайда болған. Үнді-Австралиялық платформа жылына 67 мм жылжиды.

Т. Раушанұлы