Бүгін – Халықаралық құшақтасу күні

Бүгін – Халықаралық құшақтасу күні
Фото: burduryenigun.com

Халықаралық құшақтасу күні (ағылшын тілінде International Hug Day) мерекесінің негізі 1986 жылы 21 қаңтарда Америка Құрама Штаттарында қаланып, кейіннен бүкіл әлемге тарап, әлемдік деңгейде атап өтілетін болды. 

Құшақтасу иммунитетті арттырады, орталық жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады, қандағы гемоглобин деңгейін де көтереді. Сондай-ақ, окситоцинді, адамдардың бір-біріне игілігі үшін ниетін арттыратын гормонның қандағы құрамын жоғарылатады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, сіз бұл күні өзіңіздің достық құшағыңызға таныс емес адамдарды да шақыра аласыз. Құшақтау – бұл жылумен және сүйіспеншілікпен алмасу. Дәрігерлер мен ғалымдардың айтуынша, құшақтасу күні достық үшін ғана өте пайдалы емес, сондай-ақ психологиялық және физикалық денсаулық тұрғысынан көңіл-күй мен жан-күйін жақсартады.

Психолог мамандардың айтуынша, жақындарының құшағын қажет ететін адамдар қауіпсіздік, жайлылық және махаббат сезіміне зәру болып келетін жандар екен. Сондықтан, мерекенің пайдасы көп. Жалпы, құшақтасу кез-келгеннің өмірінің соңына дейін қайталанатын әрекет. Достарымызды, құрбы-құрдас, дос-жаран, ата-ана, туған-туыс, бауырларымызды, сүйген адамымызды кездескенде, сағынышымызды басу немесе қуанышымен құттықтау, алғыс айту үшін құшақтап жатамыз.


Т. Раушанұлы