Шығармашылық адамдарының миы ақша табуға кедергі жасайды

Шығармашылық адамдарының миы ақша табуға кедергі жасайды
Фото: Futurism

Геттинген медициналық орталығының ғалымдары зерттеу жүргізіп, шығармашылық адамдарының миы ақша табуға кедергі жасайды деген қорытындыға келді.

Тәжірибеге 24 ерікті қатысқан. Олар екі топқа бөлінген. Бірінде суретші, фотограф, мүсінші, музыканттар мен актерлер болса, екінші топты администраторлар, инженерлер мен өзге де "креативті емес" мамандық иелері құраған.

Шарт бойынша,  олардың әрқайсысына бірнеше сурет көрсетіледі. Суреттен жасыл түс көріп қалған адам батырманы басса, 30 еуро сыйақы алады. Тестілеу кезінде қатысушылардың миы МРТ аппараты арқылы сканерленген.

Шығармашылық адамдар ақша тігілген жасыл түсті тапқан кезде, олардың сыйақыға реакция беретін ми аймағы өте әлсіз белсенділік көрсеткен. Екінші топтың адамдарының миы 30 еуро алған сайын сканерде айқын көріне түскен .

Ал, дәл осы тәжірибені еш сыйақысыз жасағанда, бірінші топтағылар миы белсенділік танытқан. Яғни, зерттеушілер шығармашылық адамының миы материалдық пайданы есепке алмай, процестің өзіне ғана қызығушылық танытатыны туралы қорытынды жасады. Бір қызығы, олар өз еңбегі үшін еш ақы алмайтынын білсе, одан бетер жақсы жұмыс істей түседі екен.

А. Оралқызы