7 қаңтар күні Жерге жақын қашықтықтан алып астероид ұшып өтеді

7 қаңтар күні Жерге жақын қашықтықтан алып астероид ұшып өтеді
Фото: geekwire.com

NASA ғарыш агенттігі алдағы аптада Жер ғаламшарының жанынан алып астероид ұшып өтетінін хабарлады. Ғалымдардың айтуынша, бұл астероид Гизадағы Ұлы пирамидадан да үлкен көрінеді. Жаңалықты алғашқылардың бірі болып «Все о космосе» сайты жеткізді.

Нақтырақ айтсақ, Asteroid 2016 AZ8 деп аталатын аспан денесі ғаламшарымызға 7 қаңтардың таң уақытында жақындайды. НАСА-дағы реактивті қозғалыс зертханасының мамандары бұл аспан денесінің Жерге жақындауы Гринвич бойынша таңғы сағат 6:41-де, жергілікті уақыт бойынша 09:41-де деп болжап отыр. "Астероид көлемі диапазонда 170 метр және диаметрі 380 метр болады", - делінген хабарламада. Earth Impact Effects Program-ның есептеуінше, осындай көлемдегі астероидтің соққы күші тротил эквивалентінде шамамен 3300 мегатоннаны құрайды. Оның жылдамдығы –  секундына 9,15 шақырым. Сала ғалымдардың болжамы бойынша, қуанышқа орай Жерде ешқандай соққы болмайды.

Еске сала кетейік, Хеопс (Хуфу), Гизадағы Ұлы пирамида - Көне Мысыр елінің ең ірі пирамидасы, сәулет өнерінің ескерткіші, «Әлемнің жеті кереметінің» біздің заманымызға дейін жалғыз сақталғаны және олардың арасында ең көнесі: оның жасы шамамен 4500 жыл.

А. Қажиев