Қолданатын, бірақ атауын білмейтін құрал-жабдықтар

Қолданатын, бірақ атауын білмейтін құрал-жабдықтар
Фото: adme.ru

Күнделікті өмір сүруіміз үшін және қажеттілігімізді өтейтін құрал-жабдықтар өте көп. Олардың бірінің атын білсек, бірін білмейміз. Назарларыңызға сондай құралдардың бірнешеуінің атауын ұсынамыз. 

1. Нёрдл

Кейде тіс пастасы бітіп қалғанда көп күш жұмсап, тіс пастасы құтысының түбіндегі қалдықты талай сығып алған кездеріңіз болар. Міне, сондай қалдықты – Нёрдл деп атайды. 

2. Скарификатор 

Емханаға барғанда талдау жасау үшін қолыңыздан  қан алады. Сол қан алатын құралдың не деп аталатыны туралы ойлап көрдіңіз бе? Бұл құрылғы – скарификатор деп аталады. 

3. Атомайзер 

Пульверизаторлы әтірді сақтау үшін қолданылатын кішкентай ыдыс осылай аталады екен. Дүкендерде бұл құрылғыны әтір исін сынап көрушілер үшін пайдаланады. Жол жүргенде үлкен ыдыстағы әтірді көтеріп жүрмеу үшін әтірдің бір бөлігін атомайзерге құйып алған ыңғайлы. 

4. Мисофония 

«Мисофония» сөзбе сөз аударылғанда дыбысты ұнатпау деген мағынаны береді. Мұндай адамдар қасындағылардың ұйықтағанда дыбыс шығарғанынын, түшкіргенін, есінегенін қаламайды.

5. Пендельтюр

Бұл екі жақа да еркін ашылып, жабылатын есік. Бұрын ковбойлар мекенінде көп қолданылған болса, қазір метрода жиі кездестіресіз.

6. Пеладофобия 

Бұл сөз шашсыз қалатындарға қаратып айтылады. Шашсыз қалатындар пеладофобиямен ауырады. Сол үшін де олар шашын күнде «қайта-қайта санап шығуға» мәжбүр.

7. Инсигния 

Инсигния – бұл патшаның не ел басшысының сыртқы белгілері. Мысалы: тәж, аса таяқ, отыратын орындығы, мемлекеті.

8. Кёрлер 

Бұл – кірпік қайыратын құрал. 

Т. Раушанұлы