Браконьерге "Бемби" мультфильмін қарау туралы үкім шығарылды

Браконьерге "Бемби" мультфильмін қарау туралы үкім шығарылды
Фото: vk.com

Миссури штаты соты кіші Дэвид Берри есімді 29 жастағы браконьерге үкім шығарды. Ол 3 жыл бойы мыңдаған елікті атып өлтірген. Онымен қоймай, жануарлардың тек басын кесіп алған да, денесін тастап кете берген.  

Ол өз кінәсін мойындағаннан кейін, түрмеде 1 жыл айыбын өтеу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, сот диснейлік классика саналатын "Бемби" мультфильмін қарау туралы үкім шығарды.

Fox News хабарлауынша, бірінші сеанс 23 желтоқсанға жоспарланған. Осыдан кейін бұл 1 жыл бойы ай сайын қайталанып отырады. Естеріңізге сала кетейік, "Бемби" анимациялық ертегісі енесін аңшы өлтірген еліктің лағы туралы баяндайды.

А. Оралқызы