Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Жердің озон қабаты 42 жылдан кейін толықтай қалпына келеді

Жердің озон қабаты 42 жылдан кейін толықтай қалпына келеді

Жердің озон қабаты 42 жылдан кейін толықтай қалпына келеді

Жер атмосферасындағы озон қабаты 2000 жылдан бастап қалпына келе бастаған. Соңғы 10 жылда бұл көрсеткіш 1-3 % аралығын құраған. Дәл осылай жалғасатын болса, 2060 жылы озон қабаты толықтай қалпына келеді. Бұл туралы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым хабарлады.

Озон қабатының жұқарғаны 1970 жылдардың соңында байқалған. Ал адамзат баласы жаңа ғасырға қадам басқан шақта бұл процесс те оң нәтижесін беріп, қайта қалпына келе бастады. Оған бірден-бір себеп  Монреаль хаттамасы.

Озон қабатының жұқаруы әлем ғалымдарын ойландырды. Алдын алудың түрлі жолдарын қарастырыла бастады. Озон қабатының бұзылуына қарсы халықаралық күрес мақсатында Монреаль хаттамасы әзірленді. Ол 1987 жылы ресми түрде қабылданып, әлем елдері бұл бастаманы қолдады. Мемлекеттер озон қабатына көп зиянын тигізетін өндіріс орындарын бақылауда ұстайтын болды. Қазақстан бұл хаттаманы мақұлдаған елдер қатарына 1997 жылы қосылды.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым ақпараты бойынша атмосферадағы процесс осылай жалғасатын болса, Солтүстік жарты шардағы озон қабаты 2030 жылға қарай осыдан 40 жылғы бұрынғы қалпына келіп үлгереді. Ал Оңтүстік жарты шардың қайта қалпына келу мерзімі 2050 жыл деп көрсетілген. Полярлы аймақтарында 2060 жылы қалпына келеді деп болжанған. Яғни 42 жылдан кейін Жердің озон қабаты толықтай қалпына келеді.

Озон қабатының қайта қалпына келуі жаһандық жылынудың алдын алады.  


Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: Chemistry World
Қосылған күні: 07 қараша, 09:57
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.