NASA екі күнде Жерге ұқсас екі ғаламшарды анықтады

NASA екі күнде Жерге ұқсас екі ғаламшарды анықтады
Фото: NASA

Америка ғарыш агенттігінің TESS жасанды серігі 2 күннің ішінде Күн жүйесінен тыс, Жерге ұқсайтын екі ғаламшарды анықтады. Бұл туралы NASA твиттер әлеуметтік желісінде мәлімет жариялады.

Бірінші ғаламшар 19 қыркүйек күні табылған. Зерттеушілер оны "Супер-Жер" деп атады. Ол Пи "үстел тауы" деп аталатын жұлдыз жүйесінде айналады. Жерден 60 жарық жылы қашықтықта орналасқан. NASA ғалымдарының зерттеуіне қарағанда жаңа ғаламшарда су болуы әбден мүмкін. 

Екінші ғаламшар 20 қыркүйек күні анықталған. Ғалымдар оны "Ыстық Жер" деп атады. Ол Жерден аздап үлкен болып, 49 жарық жылы қашықтығында орналасқан. "Ыстық Жер" LHS 3844 – М тобындағы ергежейлі жұлдыз жүйесінде орналасқан.

Т. Раушанұлы