Боян Слат мұхиттарды қоқыстардан тазартатын алғашқы құрылғысын іске қосты

Боян Слат мұхиттарды қоқыстардан тазартатын алғашқы құрылғысын іске қосты
Фото: ribalych.ru

Голландияның "Ocean Cleanup" компаниясы 8 қыркүйек күні Тынық мұқитындағы пластикалық қоқыстарды жинауға арналған "System 001" тазалау құрылғысын тәжірибеден өткізуді бастады. 

Жүйе 600 метр ұзындыққа ие болып, табиғи түрде U тәрізді иіледі де, 2,7 метр тереңдікке дейінгі қоқыстарды тазалай алады. Құрылғы күн көзінен қуат алатын шамдар, дабыл жүйесі, камера және сенсорлармен жабдықталған.

Құрылғы тынық мұхитындағы ағысқа қарсы қозғалып, ондағы жүзіп жүрген мыңдаған тонна қоқысты жинайды. Жиналған қоқыс арнайы кемелермен жағаға шығарылады. 

"System 001" 5 күн бойы Калифорния жағалауынан 440 шақырым қашықтықта сынақтан өткізіледі. Егер тәжірибе ойдағыдай өтсе, онда тазалау аясы 2 мың шақырымға дейін кеңейтіледі.

Жүйенің авторы және "Ocean Cleanup" компаниясының негізін қалаушы 23 жастағы голландиялық Боян Слат (Boyan Slat). Ол өз жобасы үшін Нидерланды үкіметі мен түрлі қайрымдылық қорларынан керекті қаржыны жинаған. Боян Слат болашақта мұндай құрылғының 60 данасын жасауды жоспарлап отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 4 жыл бұрын Боян Слат "The Ocean Cleanup" қорын мұхиттағы қоқыстарды жинау үшін құрған. Былтыр аталған қор алғашқы құрылғымен Тынық мұқитынан мыңнан аса үлкен көлемдегі қоқыстарды жинаған. Келесі күні компания жобаны бастайтынын, оған керекті қаржы – 21,7 миллион доллар жиналғанын хабарлаған. Қорға қомақты қаржы аударғандар арасында "Salesforce" компаниясының бас директоры Марк Бенуф, (Marc Benioff), оның жұбайы Лин Бенуф (Lynne Benioff) және кәсіпкер Питер Тиль (Peter Thiel) сынды атақты адамдар бар.

Т. Раушанұлы